Кәсіп меңгеремін дегендер тегін оқиды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pixabay

Елімізде онлайн курстың 70 авторы өздерінің халықаралық деңгейдегі оқыту бағдарламасын ұсынып отыр, деп хабарлайды ЭК.

Бұл курстар жақында ғана іске қосылған қысқа мерзімді онлайн оқыту порталында жүзеге аспақ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, онлайн курстарға оқыту порталын аталған ведмоство мен "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ бірігіп ұйымтастырған.

Порталда нарықтағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша курстар өткізіледі. Авторлар өз бағдарламасына халықаралық оқытудың озық тәжірибелерін енгізген. Әсіресе аспаздық және кулинариялық іс, косметикалық, заңдық және бухгалтерлік қызметтер, құрылыс, қонақүй және мейрамхана ісі, іс жүргізу, IT, SMM салалары бойынша курсқа қатысушылар "Онлайн оқытуды" таңдау арқылы білімдерін шыңдай алады.

"Курс авторлары еліміздің заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, соның ішінде оқу орталықтары, білім беру ұйымдарының өкілдері. Олар қазірдің өзінде курстарды орналастыру үшін тегін алаң ұсынып, онлайн оқытуды дамытуға жәрдемдесіп отыр", — деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, еліміздің кез-келген азаматы skills.enbek.kz сілтемесі арқылы немесе enbek.kz Электронды еңбек биржасында "Онлайн оқытуды" таңдау арқылы біліктілікті арттыру курстарына қатыса алады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров