Атыраулықтар шілденің шіліңгір ыстығында жарықсыз отыр

Фархат ӘБІЛОВ

© ЭК

Атырауда жаз басталысымен, жарық қайта-қайта сөніп, салдарынан тұрғындар тұрмыстық техникалары істен шығып жатыр, деп жазады ЭК.

Жазда жарықтың қайта-қайта өшуі — атыраулықтар үшін таңсық дүние емес. Көктемде шенділер "жазға дайындығымыз жақсы" деп баяндағанымен, жаз басталысымен су да дұрыс берілмей, жарық та жиі сөніп қала береді. Қала тұрғындары бұл келеңсіздікке қатты наразы.

PixabayPixabay
Pixabay

Мұнайлы астанада тұрамыз, бірақ ХХІ ғасырда қарапайым жарыққа зәруміз. Өткен апта бірнеше сағат жарықсыз отырдық. Далада 50 градустай ыстықта желдеткіш те қоса алмадық. Бұл адамдарды қорлау ғой!,

дейді зейнеткер Қалима Тұрсынбекова.

Жарықтың жиі өшуі салдарынан тұрғындардың желдеткіштері мен теледидарлары істен шығып, тоңазытқыштағы тамақтары бүлінген. Сол себепті белсенді тұрғындар "Атырау Жарық" АҚ үстінен сотқа арыз жазып, өтеамақы алуға дайындалып жатыр.

Атырау қаласы әкімдігі бұл мәселені шешу үшін 50 трансформатор сатып алған болатын. Алайда қазір одан 26 трансформатор ғана жұмыс жасап тұр.

"Басты себеп — ыстық ауа райы. Көп қабатты үйлерде дәліз ішіндегі сымдар жүктемеге есептелмеген, Өздеріңіз білесіздер, қазір тұрғындар әр бөлмеге сплит жүйелерін орнатып алған, ал электр желісі бұл жүктемені көтере алмайды. Сол себепті жарық жиі сөніп, жөндеуге тура келеді. Қолдан келгенше пәтер иелері коорперативіне көмектесеміз", — деді ЭК тілшісіне "Атырау Жарық" АҚ бас инженері Тілеужан Мендалиев.

PxherePxhere
Pxhere

Атырау қаласы әкімдігі қаладағы электр желісінің көпшілігі тозғанын, трансформаторларды орнату бұл мәселені түбегейлі шешпейтінін атап өтті. Сол себепті бұл мәселе әлі ұзақ күн тәртібінен түспейтін болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров