Алматыда үш “массаж” салонының жұмысы тоқтатылды

Нұрболат АДЫРБЕК

ПД баспасөз қызметі

Алматы полициясы қаладағы жасырын жезөкшелікпен айналысқан үш массаж салонын анықтады, деп хабарлайды ЭК.

Polisiа.kz-тің жазуынша, салондар шаһардың Бостандық және Медеу аудандарына орналасқан.

Интим қызметін ұсынатын үш салонда элиталық, үлкен коттедждерді жалға алған.

Тексеріс барысында, "массаж жасайтын орын" ретінде тіркелгенімен, жезөкшелікпен айналысатын жер екені анықталды. Полиция ол жерден 20 әйел мен өздерін сол жерде әкімші қызметкеріміз деп таныстырған үш адамды ұстады.

Салон жұмысшыларының екеуі — Өзбекстан мен Ресей Федерациясының азаматшалары, тағы біреуі — Қырғызстан Республикасының азаматы екені анықталды.

"Ұсталғандар жеке басын тексеру және жауапкершілікке тарту үшін қалалық Полиция департаментіне жеткізілді. Сондай-ақ, жезөкшелікпен оны ұйымдастыруға үй-жай берген ғимарат иелеріне де заң аясында шара қолданылды", — деді қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров