Алматыда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені ашылды

Ержан ШАЙЖАН

Әуезов ауданында орналасқан "Бокс әлемі" спорт кешеніне Олимпиада чемпионының есімі берілді, деп хабарлайды ЭК.

Қолданысқа берілген су жаңа кешен "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы аясында ашылды. Аталған нысанда спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалады.

Орталық директоры Бағдат Сырлыбаевтың айтуынша, бокс залы заманауи талаптарға сай құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бір мезетте 50 балаға дейін жаттыға алады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жеткіншектерге тегін секциялар қарастырылған.

Ашылу салтанатында аудан әкімі балаларға сәттілік тіледі.

Енді Әуезов ауданында болашақ Олимпиада чемпиондары жаттығатын тағы бір орын бар. Біздің ауданның боксшылары дайындыққа арналған арнайы базада ең үздік көрсеткіштерге және ірі жарыстарда жеңістерге қол жеткізеді деп ойлаймын. Баршаңызды құттықтаймын,

деді аудан әкімі Сайран Сайфеденов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров