Шілде айында еліміздің бірнеше өңірінде қуаңшылық болады

Кәмшат ҚОПАЕВА

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде қуаңшылық болады, деп хабарлайды ЭК.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, шілде айында Ақтөбе облысының — Қарабұтақ, Басқұдық, Нұра, Ырғыз өңірі, Ақмоланың — Есіл, Жақсы, Атбасар аумағы, Қостанай облысының — Пресногорьковка, Аршалы, Тобыл, Аралкөл, Торғай, Қарамеңді, Амангелді ауылдарында және Солтүстік Қазақстаннның — Тайынша, Сергеевка, Рузаевка, Явленка, Маңғыстау облысының — Сам ауылдарында қуаңшылық болады.

Жамбыл өңірінде Қордайда және Қызылорданың Қазалы аудандарында да қуаңшылық білінеді.

Маусым айының соңғы онкүндігіндегі жауын-шашынның әсерінен Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал, Жәнібек, Орда аудандарында, Шығыс Қазақстанның Бақты, Маңғыстаудың Бейнеу өңірлерінде ылғал жақсы сақталып отыр. Бұл өңірлер құрғақшылықтың зардабын тартпайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров