Сегіз жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Нұрболат АДЫРБЕК

ПД баспасөз қызметі

Күдік тудырған көлік жүргізуші медициналық тексеруден бас тартқаны үшін, 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ЭК.

Polisia.kz сайты мәлімдегендей, оқиға Павлодар облысы, Шарбақты ауданында болған. Түнгі уақытта жергілікті патрульдік полиция қызметі, жол бойында сол жақ жарығы жанбай келе жатқан ВАЗ автокөлігін тоқтатқан. Көлік жүргізушімен сөйлесіп, құжатын тексеру кезінде оның алкогольді ішімдік ішкендігі байқалған.

Аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Талғат Балтабаевтың айтуынша, күдік тудырған көлік жүргізуші арнайы медициналық тексеріске барудан бас тартқан.

Осыдан кейін оған, медициналық тексерістен бас тартқаны туралы хаттама толтырылып, ҚР ҚӘК-нің 613-бабы, 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, материал сотқа жөнелтілген.

Артынан, аудандық соттың қаулысымен көлік жүргізуші 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, 8 жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров