Алматыда барлық білім ошақтары аттестациядан өтетін болды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Анжрей ХАЛИН

2021 жылдың қыркүйек айынан бастап барлық мектепке дейінгі ұйымдар, колледждер, әскери және арнайы жоғары оқу орындары мемлекеттік аттестациядан өтеді, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева "Білім беру ұйымдарын аттестаттау" тақырыбы төңірегінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Меншік түріне, қай ведомствоға бағынатынына қарамастан, мемлекеттік аттестация барлық білім беру орындарын қамтымақ. Бес жылдың ішінде аталған оқу орындарының бәрі аттестациядан өтуі тиіс,

деді Гүлнәр Ермекбаева.

Спикердің пікірінше, бұл шара білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында қолға алынып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров