“Жас Алаш” газетінің түпнұсқасы Ташкенттен табылды

Ержан ШАЙЖАН

Бейнеден кадр

Бір ғасырлық тарихы бар газеттің төртінші саны Өзбекстан астанасында сақталған, деп хабарлайды ЭК.

Құнды жәдігерді "хабар 24" телеарнасының Өзбекстандағы меншікті тілшісі Риат Шони есімді журналист тапқан. 1921 жылы жарық көрген газеттің түпнұсқасы Әлішер Науай кітапханасында сақталыпты.

Журналистің айтуынша, басылымның алғашқы 3 саны сақталмаған екен. Ал төртінші шығарылым 1921 жылдың 9 мамырында жарыққа шығыпты.

Биыл "Жас Алаш" газетіне 100 жыл толып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров