Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты (видео)

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Бейнеден кадр

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялады, деп хабарлайды ЭК.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 12. 43 кезінде Бостандық ауданы, Бұхар жырау көшесіндегі тұрғын үйдің 13-қабатындағы пәтерден өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.

Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров