Адамдарды кепілдікке алған банк тонаушы ұсталды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

© Екатерина МИШИНА

Түменде Сбербанк бөлімшесіне басып кіріп, екі қызметкерді кепілге алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ЭК.

Банк таратқан мәліметке қарағанда, ешкім зардап шекпеген. Қазір бопсалаушының екі адамды кепілдікке алғаны белгілі болып отыр. Қолма қол қомақты ақша бермесе, "жарып жіберемін" деп қорқытқан.

Банк тонаушы психиатрдың есебінде тұрған адам болып шықты. Оған "адамдарды кепілге ал" деп "танымал актер" бұйрық беріпті.

Оқиға Түмен қаласының Червишев тас жолындағы көп қабатты үйлердің бірінде болды. Банк бөлімшесі сол үйдің бірінші қабатында орналасқан. Қазір полиция тұрғындарды қауіпсіз орынға шығарып, ғимаратты қоршауға алған. Кинологтар жарылғыш затты іздеп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров