Вакцинадан бас тартқан тәрбиеші жұмыстан шеттетілді

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Алматы облысында балалар үйінің тәрбиешісі вакцина алудан және ПТР тест тапсырудан бас тартты, деп хабарлайды ЭК.

Талдықорағандағы балалар үйінің 93 қызметкерінің төртеуінде медициналық қарсы көрсеткіш бар. Ал, бір қызметкер індетке қарсы вакцина алудан немесе түрақты түрде ПТР тест тапсырудан бас тартқан. Бұл туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

"Елдің бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде "Талдықорған қаласындағы облыстық мамандандырылған балалар үйі" қызметкерлеріне вакцина алу немесе ПТР тест тапсыру қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу кезінде, осы мекеменің тәрбиешісі Н.Зубкова вакцинадан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш берді, сонымен қатар ПТР тест тапсырудан бас тартты", — делінген хабарламада.

Нәтижесінде, елдің бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде, Зубкова жұмыстан уақытша шеттетілді. Балалар үйінің қалған қызметкерлер дертке қарсы вакцина қабылдады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров