Алматы облысында бала сатқан әйел бес жылға түрмеге қамалады

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Әлеуметтік желіден

Алматы облысының №2 балалар ісі жөніндегі арнайы ауданаралық соты "кәмелет жасқа толмаған балаларды сатты" деп айыпталған әйелге үкім шығарды, деп хабарлады ЭК.

Әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ балалары 14 жасқа толғанша жаза кейінге қалдырылды.

Талғар ауданының прокуратурасы тексеру жүргізіп, бірнеше баланың басқа отбасыға заңсыз берілгенін, қорғаншылық құжаттарының негізсіз рәсімделгенін анықтағанын айта кетейік.

Прокуратура кәмелет жасына толмағандарды саудалау бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізген. Тергеу кезінде әйел өз кінәсін толық мойындаған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров