Түркістан облысында карантин күшейтілді

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Соңғы екі аптада вирус жұқтырушылар саны 2 есеге артты, деп хабарлайды ЭК.

Эпидемиологиялық жағдай күрделеніп, коронавируспен ауырғандар санының өсуіне байланысты облыстың Бас санитар дәрігерінің карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы №14 Қаулысы жарияланды.

​Қаулыда семинарлар, мерекелік корпоративтерді және басқа отбасылық іс-шараларды өткізуге, ойын-сауық нысандарының қызметіне тыйым салынады.​​

"Ashyq" жобасына қатыспаған мәдениет объектілері, бильярд, компьютерлік клубтар, боулинг, цирк, банкет залдарының жұмыс жасауына тыйым салынады. ​

​​​​Вакцина алмаған қызметкерлер 7 күнде 1 рет ПТР тест тапсыруға міндетті. Қызмет көрсету саласының қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық компаниялар, вахталық қызметкерлер, ірі ұйымдасқан ұжымдарда штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан, 20% күндізгі режимде жұмыс атқарады.

Сенбі, жексенбі күндері жабық базарлардың жұмысына тыйым салынады. Ал, жексенбі күні ашық базарлар да жұмыс істемейді.

Соңғы екі аптада Түркістан облысында коронавирус инфекциясымен ауырғандардың саны 2 есеге, вирусты пневмониямен науқастанушылар 25% артқанын айта кету керек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров