Зират тонаушы ұсталды

Нұрболат АДЫРБЕК

ПД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында зираттың бұрынғы қызметкері қабір тонаған, деп хабарлайды ЭК.

Глубокое ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының 26 ​​жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады.

Polisia.kz порталының жазуынша, ол бірнеше мәрте зираттаағы темір қоршауларды ұрлаған. Белгілі болғандай, күдікті бұрын қабір қазушы болып жұмыс істеген. Ол қылмысты көбіне таңертеңгілік, яғни қабірге келушілер бола бермейтін уақытта жасап жүрген.

Ұрланған қоршауларды металл қабылдау орындарына тапсырып, одан түскен қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі уақытта оған 20-дан астам эпизод бойынша айып тағылды. Соттың шешімімен ол қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігі (Бірнеше рет жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша заңда 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров