Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан 5 медаль әкелді

Жұмазия ОРАЗАЙ

instagram.com / bilim_jane_gylym

XXV Балқан халықаралық математиктер олимпиадасында Қазақстандық оқушылар екі алтын, бір күміс және бір қола медаль алды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Халықаралық білімі сайысы Молдовада 29 маусым мен 5 шілде аралығында онлайн-форматта өтті. Интелектуалдық сайысқа 22 мемлекеттен 132 оқушы қатысқан. Ал Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар қалаларынан 6 оқушы қатысты.

Алты оқушының бәрі Республикалық олимпиадада білімімен суырылып шыққан үздіктер. Тәжірибелі педагогтар дайындаған Ұлттық құраманың білгірлері командалық есеп бойынша үшінші орынды иемденді.

Соның ішінде Алматылық оқушы Райымбек Байшуақ олимпиада кезінде жинауға тиіс 40 баллдың барлығын жинап, ұшқырлығын көрсетті. Сөйтіп Райымбек Байшуақ пен Мирон Юркевич алтын медаль, Мұхаммед Нағашыбек күміс, Сұлтанбек Байжанов пен Дамир Нұрланов қола медальды алды.

"Біз оқушылардың мүндай нәтижесінен білім беру сапасының деңгейін, педагогтардың аяқ алысын, ата-ананың жауапкершілігін анықтаймыз. Еліміздегі мықты, білімді оқушылар одан әрі әлемдік білім додаларында өздерін үздік көрсетуі үшін барынша жағдай жасаймыз. Оқушыларымызды құттықтаймын, білімдерін жетілдіріп, жаңа шыңдарды бағындыруына тілектеспін", — деді ҚР БҒМ РҒПО директоры Тимур Нұркешов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров