Ақтөбеде бесінші қабаттан құлаған 2 жастағы бала ауруханада көз жұмды

Кәмшат ҚОПАЕВА

© ЭК

Ақтөбеде осыдан бір апта бұрын терезеден құлаған бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ЭК.

30 маусым күні қаладағы көп қабатты үйдің бесінші қабатынан екі жастағы бала құлап, облыстық ауруханаға жеткізілген болатын. Анасы ас бөлмесінде жүрген кезде бала терезеден құлап кеткен. Ауыр жарақаттанған балдырғанды дәрігерлер аман алып қала алмады.

Жалпы жыл басталғалы Ақтөбеде бес бала терезеден құлаған. Оның біреуі көз жұмды.

Ата-аналардың көпшілігі баланы қараусыз қалдырады. Оның соңы қайғылы жағдайға әкеліп жатады. Сондай-ақ шыбын-шіркейге арналған москит торының балаға қорған бола алмайтынын үнемі айтып жүрміз. Өкінішке қарай, көпшілігі осыны ескере бермейді,

деді облыстық ПД бірінші орынбасары Қанат Әлиев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров