Glovo жеткізушілері Сағынтаевқа не үшін барды?

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Бейнеден кадр

Glovo компаниясының жеткізушілері наразылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ЭК.

Видеода велосипед, мотоцикл және автокөліктерімен келіп, Glovo сөмкесін арқалаған жастардың компания кеңсесінің алдына жиналғаны көрінеді. Олар басшылыққа көңілдерінен шықпай жүрген бонустар мен төлемдер, платформаларға қосылу, маршруттарды оңтайландыру мәселесін көтерген.

Курьер қызметі жеткізу жүйесімен келіспесе, қызметкерлерінің басқа компанияны таңдауға құқығы бар екенін меңзеді.

Компания олардың тапсырысты күту уақытын қысқарту және маршруттарды оңтайландыру жайлы ұсыныстарын серіктес мейрамханалар мен техникалық қызметке ұсынғанын айтып отыр.

Бір қызығы, жеткізушілер арызданып, Алматы қаласының әкімдігіне де барған.

Айлығына наразы Glovo жеткізушілері әкімдікке неге барып жүр? Сағынтаевқа бургер мен кола апарып бермек пе? Олардың талаптары ­- жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасындағы ішкі мәселе. Әрі кетсек, еңбек инспекциясы мен сотқа баруы тиіс,

дейді желі қолданушысы Кирилл Павлов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров