Президент жұбайымен бірге қастандық құрбаны болды

Нұрболат АДЫРБЕК

©Reuters/Jeanty Junior AUGUSTIN

Гаити мемлекетінің президенті Джовенел Моиз өзінің резиденциясына жасалған қастандық шабуыл кезінде қаза болды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы "РИА Новости" агенттігі жазды. Елдің премьер-министрі Клод Джозефттің хабарлауынша, шабуыл сәрсенбіге қараған түні болған. Бетперде киген қарулы адамдар ел президентінің резиденциясына қастандық мақсатында шабуыл жасаған.

Түн жарымында бір топ белгісіз адам мемлекет басшысы тұратын үйге басып кірген. Белгілі болғандай, олардың ішінде кейбіреулері өзара испан тілінде сөйлескен

деп мәлімдеді ел премьері Джозеф.

Шабуыл кезінде президенттің әйелі де жарақат алғаны хабарланды.

Атыс қаруынан жараланған бірінші ханымға дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Алайда, артынан 47 жастағы президенттің жұбайы Мартин Моиз осы жарақаттан қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Және бұл хабарды ресми Порт-о-Пренсе де растады.

Бұл оқиғаны Гаити премьер-министрі "жағымсыз, адамгершілікке жат және варварлық әрекет", — деп айыптады.

Осы оқиғадан кейін, ел астанасы Порт-о-Пренседегі халықарылық әуежай барлық еларалық рейс үшін жабылғаны хабарланды. Ұшып келген барлық ұшақ кері қайтарылып жатыр.

Сондай-ақ көрші Доминикан Республикасының президенті Гаити мемлекетімен арадағы шекараны жабу туралы шұғыл бұйрық берді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров