Түркияда 35 турист мінген яхта суға батты

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

milliyet.com

Түркияда Өлітеңіз ауылы маңында бортында 35 адамы бар яхта суға батып кетті, деп хабарлайды ЭК.

Көп адам жағалауға дейін өздері жүзіп шыққан. Сүңгуірлер мен тікұшақ жұмылдырылған құтқарушылар су астынан туристердің денесін таппаған соң іздеу-құтқару жұмыстарын тоқтатқан.

Үш туристі жергілікті тұрғындар судан шығарып алған. Олардың арасында екі жасар бала болған. Дәрігерлер оны аман алып қала алмапты. Ал қалған екі адамның жағдайы жақсы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров