Зорлық – зомбылық қылмысын әйелдер тергейтін болды


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Елімізде зорлық-зомбылықпен күресетін топтардың жұмысын ұйымдастыру туралы ереже бекітілді, деп хабарлайды ЭК.
Ақпан айында Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында арнайы тапсырма берген болатын.
Әйелдер мен балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстарды тергейтін топтардың құрамына арнайы тергеуші әйелдерді енгізу керек. Бұл жәбірленушіге қатысты теріс әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді,
Бүгінде полиция департаменттерінде тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтары құрылып, олардың құрамына тергеуші әйелдер алынған.
Бұл туралы Презиенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу жөніндегі қалалық және аудандық басқармалардың, сондай-ақ, ПД тергеу басқармаларының бөлімшелерінде әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатыстық зорлық-зомбылық қылмыстарды тергеу топтары құрылды. Олардың құрамына тергеуші әйелдер енгізілді", — деп жазды Презиенттің баспасөз хатшысы.