Алматылық жүйткіген көліктен аяғын шығарып, желдетіп алды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Бейнеден кадр

Көлігінің терезесінен екі аяғын шығарып, Алматы көшелерінде жүрген адам қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ЭК.

Видеода жүріп бара жатқан көлікте бір адамның аяқ киімін шешіп, шұлық киген аяғын терезеден таза ауаға шығарғаны көрінеді. Бұл жайтты жұрт сан-саққа жүгіртіп жатыр. Айтылып жатқан пікірлер де кереғар.

Желі қолданушылардың бірі "Бұл трендтің аты — колхозшы" деп мысқылдайды. "Көлік ішіндегі жолаушылардың бәрін улап біткен шығар. Енді желдетіп алмақ", — деп жазады екіншісі әзілдеп. "Аяғының исі қолқаны алған соң, басқалары аяғын сыртқа шығаруға мәжбүрлеген болуы керек", — дейді тағы бірі.

Кейбір қолданушылар видеодағы адамды қолдап шықты. Біраз адам: "Шаруаларың қанша? " деп қысқа қайырған. "Ол сендердің көліктерінде емес, өз мәшинесінде отыр. Енді үйіне барып: "Неге жалаңаяқ жүрсің? " деп сұрағандарың ғана қалып еді", — дейді smartkala.info атты қолданушы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров