Арнайы операция кезінде 750 адам тұтқындалды

Нұрболат АДЫРБЕК

© AP

Германияның федерал қылмыстық полиция басқармасы жүргізген арнайы операция кезінде аса ірі көлемдегі есірткі қылмысымен айналысқан топ мүшелері болып келген 750 адам қамауға алынды, деп хабарлайды ЭК.

Операция нәтижесінде билік шамамен 3,2 тонна каннабис пен жүздеген келі синтетикалық есірткі, кокаин және экстази таблеткаларын анықтаған. Сонымен қатар 310 атыс қаруы мен 12 мыңнан астам оқ-дәрілер тәркіленген.

"Reuters" агенттігінің жазуынша, олар "EncroChat" әлеуметтік желісі арқылы арнайы шифрланған топ жасақтаған. Неміс полициясы осы желіні бұзған.

Операция кезінде неміс тергеушілеріне қылмысты ашу үшін голландиялық және француз әріптестері көмек көрсеткен. Олар былтырдан бері бүкіл әлем бойынша 60 мың қолданушысы бар платформаны бұзған. Нәтижесінде, ірі қылмыстық топ анықталып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров