Арал ауданында жұқпалы аурудан түйелердің табаны түсіп жатыр

Кәмшат ҚОПАЕВА

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қызылорда облысы Арал ауданында жұқпалы аурудан түйлердің табаны түсіп жатыр, деп "24.kz" сайтына сілтеме жасап ЭК хабарлайды.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, бұл жұқпалы некробактериоз ауруы болуы мүмкін.

Аурудың нақты себебі қосымша сараптамадан кейін белгілі болады. Қазір ауданда 13 түйенің табаны түсіп қалған. Соңғы рет мұндай індет тоқсаныншы жылдары тіркеліпті.

Қазір ауруға шалдыққан түйелерге екпе жасалып, ем жүргізіліп жатыр. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, ауру негізінен арық, қыстан жүдеп шыққан және жем-шөбі нашар болған малдардан анықталып отыр. Ауруды түйелер бір жерде жатқан кезде бір біріне жұқтырады. Бұдан мал өлмейді. Егер дер кезінде ем жасалса, жазылып кетеді. Ауру адамға жұқпайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров