Павлодарда бір күнде 2 бала биіктен құлап мерт болды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Әлеуметтік желіден

Екі сәби де бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды ЭК.

Полицияның айтуынша, оқыс оқиғаның бірі 6 шілдеде сағат 19: 40-та Бұқар жырау көшесіндегі пәтерде болған. Қараусыз қалған 2 жасар бала жоғары қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен.

"Бала ауруханаға ауыр хәлде жеткізілді. Алайда қатты зақым алған сәби қайтыс болды", — деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Дәл сол күні Иванов көшесіндегі көп қабатты үйдің бесінші қабатынан тағы бір бала құлап кеткен. Дер кезінде ауруханаға жеткізілген 7 жасар қызға дәрігерлер көмектесе алмады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров