Қазақтың көрнекті режиссері Сатыбалды Нарымбетов комада жатыр

Экспресс К

Сатыбалды Нарымбетов

"Созақтан шыққан Гамлет", "Қыз жылаған", "Омпа", "Мұстафа Шоқай", "Шоқ пен шер" және тағы басқа фильмдердің режиссері Сатыбалды Нарымбетов бір апта бұрын ауыр жағдайда ауруханаға түскен, деп хабарлайды ЭК.

Бұл жайында белгілі жазушы, киносценарист Смағұл Елубай өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, Сатыбалды Нарымбетовтің асқазанындағы ескі жарасы ашылып кеткен. Содан ауруханадан бір-ақ шығыпты.

Ол кезде біз қалада емес едік. Естіген сәтте, яғни бүгін ауруханаға барсақ карантин деп кіргізбеді. Асанәлі ағаға хабарластық. Асаға дереу аурухананың бас дәрігерімен сөйлесті. Бас дәрігер Сатыбалдының жағдайы қиын депті,

деп жазады жазушы.

Смағұл Елубайдың айтуынша, бұл жағдай билікке жеткізіліп, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Денсаулық сақтау министріне тапсырма беретінін айтыпты.

Ей, раббым Алла! Өнерден өзге ойлағаны жоқ, періште пейіл Сатыбалдыны мына тар қыспақтан аман-есен алып шыға гөр! Бала-шағасы, дос- жараны, халқы алдында көрер жарығын көбейте гөр!

дейді С.Елубай.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров