Роза Рымбаева & DJ Иманбек: Әли Оқапов пікір білдірді (видео)

Қанат ЕСКЕНДІР

Бейнеден кадр

Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов әлеуметтік желіде қызу талқыланған тақырыпқа қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды ЭК.

Instagram желісіндегі өз парақшасында Әли өте салиқалы, сындарлы әңгіме қозғады. Желі қолданушылардың жоқ жерден шу шығарып, белгілі эстрада жұлдызы мен талантты жас музыкантты дауластырмақ болған әрекетін — хайп жасау, жеңіл сенсация іздеу деп бағалады.

Иманбек талантты музыкант. Әрине, оған сәттілік серік болды. Қазақша айтқанда — Иманбектің бағы бар! Иә, менің анам да қателесті. Бірақ, пікір білдіруге және қателесуге әрқайсымыздың құқығымыз бар. Бұл — қалыпты жайт!

дейді Әли Оқапов.

Әлидің желі қолданушыларға жасаған мәлімдемесі, шу көтерушілерге арнаған сөзі төмендегі видеода.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров