Полицейлерді бопсалап ақша алмақ болған жігіт ұсталды

Қанат ЕСКЕНДІР

instagram.com / rustam.abdrakhmanov_

Алматыда өзін блогермін деп таныстырған жігіт полиция қызметкерлерінен ақша бопсалап келген, деп хабарлайды ЭК.

1987 жылы туған жігіт өз телефонына түсіріп алған видео жазбаны әлеуметтік желіге салып, арандатушылық мақсатта қолданбаймын деген сылтаумен патрульдік полиция қызметкерлерінен ақша бопсаламақ болған. Ол 50 мың мен 200 мың теңгенің көлемінде ақша талап еткен, деп мәлімдейді қалалық полиция басқарма басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Құқық қорғау қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шара барысында, аталған азамат қаланың Әуезов ауданында тұтқындалған. Күдікті өзі бопсалаған 300 доллар ақшаны алу үстінде тұтылған.

Айғақ заттар алынып, қылмыстық іске тіркелген. Енді, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 194-бабына сәйкес "Бопсалау" айыбы тағылып, қылмысы мойындалса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Күдікті Алматы қалалық полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров