Алматы тауларында тағы бір адам жоғалды

Қанат ЕСКЕНДІР

ТЖД

Үлкен Алматы көлі маңында тауға серуенге шыққан кісі жоғалып кетті, деп хабарлайды ЭК.

Камиева Әлия есімді азаматша 2021 жылдың 5 шілдесінде Үлкен Алматы өзені маңында із-түзсіз жоғалып кеткен. 7 шілде күні Республикалық жедел құтқару қызметіне 41 жастағы әйелдің анасы "қызының тауда жоғалып кеткені" жөнінде хабар берген.

Куәгерлердің айтуынша, Әлияны соңғы рет таудағы үлкен серуеннен кейін етекке түсіп келе жатқан кезде кездестірген. Білуімізше, оның қолында телефоны да жоқ және ол жалғыз жүріп адасуы мүмкін.

Қазір республикалық жедел құтқару тобы мен 109 құтқару қызметі, еріктілерден жасақталған жедел топ құрылып, жоғалған қызды бірнеше бағытта іздестіру жұмыстары басталып кеткен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров