“Қайрат” Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын Израильде өткізді

Бек ТӨЛЕУОВ

ФК "Қайрат"

Алматының “Қайрат” футбол клубы Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі бірінші ойынын Израильде өткізді, деп хабарлайды ЭК.

Қазақстан чемпионы араға 16 жыл салып Чемпиондар лигасына қатысып отыр. Бірінші кезеңде Алматы командасы Хайфаның "Маккаби" клубына қарсылас атанған. Бұл ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Енді қарымта ойын 1 аптадан кейін Алматыда өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы келесі кезеңде Сербияның "Црвена Звезда" клубымен кездеседі.

"Маккаби" (Хайфа, Израиль) — "Қайрат" (Алматы, Қазақстан) — 1:1

Голдар: Омер Ацили, 45 (1:0). Нұрәлі Әліп, 76 (1:1).

"Маккаби" Хайфа: Джош Коэн, Сун Менахем, Рами Гершон, Богдан Планич, Раз Мейр — Али Мохамед (Ори Даан 66), Нета Лави (К) (Хосе Родригес 14), Мохаммад Абу-Фани, Омер Ацили (Бен Сахар, 82), Тьяронн Чери (Долев Хазиза, 67), Годсвей Донье (Дин Давид 66);

"Қайрат": Стас Покатилов, Гафуржан Сүйімбаев (К), Нұрәлі Әліп, Раде Дугалич, Камо Оганесян (Дино Миканович, 86), Денис Поляков, Айбол Әбікен (Данияр Үсенов, 70), Небойша Косович, Вагнер Лав, Хосе Канте (Арсен Буранчиев, 85), Артур Шушеначев (Гүлжігіт Әліқұлов, 70);

Рефери: Милован Милачич, Александар Джиканович, Драган Вуйович, Милош Савович (бәрі де — Черногория)

7шілде, Израиль, Хайфа, "Самми Офер".

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров