Бірқатар шикізат түрлерін Қытайға тасымалдауға уақытша тыйым салынды

Қанат ЕСКЕНДІР

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

"Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы "Достық" теміржол бекеті арқылы Қытайға жіберілетін бірқатар шикізат өнімдерін қабылдауға уақытша тыйым салды, деп хабарлады ЭК.

Елімізден жеткізілетін шикізаттарды Қытай халық республикасы тарапынан уақтылы қабылдап алмауына байланысты, "Достық" теміржол бекеті арқылы — түрлі-түсті темір рудасы, таскөмір, мұнай коксын Қытайға жөнелтуге 11-20 шілде аралығында уақытша тыйым салынады, делінген ұлттық компания баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қазіргі таңда халықаралық теміржол торабында 145 жүк пойызы кезекте тұр. Компания мамандарының болжауынша, уақытша салынған тыйымдар екі ел арасында жүргізілетін жүк тасымалын жеңілдетіп, әсіресе, қытай тарабы уақыт өткізбей қабылдауы тиіс азық-түлік тиелген вагондар діттеген жеріне тезірек жетуі тиіс.

"Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы бұған дейін де, 5-15 сәуір аралығында Достық-Қытай бағытына жөнелтілетін барлық жүктерді тасымалдауға уақытша тыйым салған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров