Теңгені де, телефонды да ұрлағанын мойындады

Қанат ЕСКЕНДІР

©️ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Тараз қаласында орналасқан автожуу бекетінен ақша ұрлаған күдікті бұған дейін басқа да қылмыс жасағанын мойындады, деп хабарлайды ЭК.

Жамбыл облыстық полиция басқармасына Тараз қаласының тұрғынынан автожуу бекетіндегі сейфтен қомақты қаражаттың ұрланғаны жөнінде шағым түскен, деп жазады облыстық ПБ баспасөз қызметі.

Аталған оқиғаға орай, ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде осы автожуу бекетінде жұмыс істейтін 29 жастағы қызметкер аталмыш қылмысты жасап, сейфтен 100 мың теңге көлемінде ақшаны алғанын мойындаған.

Бұдан өзге, бұл азамат осы жылдың сәуір айында түрлі жұмыстарға жалдана жүріп, өзімен бірге істес болған жігіттің "Оппо 101" маркалы телефонын ұрлап кеткені анықталып, күдікті жасаған қылмысын мойнына алған.

Қазір Тараз қаласының 29 жастағы тұрғынының үстінен тергеу-анықтау ісі жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров