Дубайда алапат жарылыс болды (видео)

Қанат ЕСКЕНДІР

Дубай порты

Дубайдың Джебель-Али теңіз айлағында тұрған сауда кемесінде ірі жарылыс болды, деп хабарлайды ЭК.

Айлақта тұрған сауда кемесі өзге жүк кемесімен түйісер кезде болған жарылыстың себеп-салдары анықталуда. Біздің бір болжамымыз, сауда кемесіне тиелген жүк контейнерлерінің бірінде тез жанатын материалдар болуы мүмкін, деді Дубай үкіметі баспасөз қызметінің бас директоры Мона әл-Марри халықаралық Al-Arabiya TV арнасына берген шұғыл сұхбатында.

Дубай билігі оқиға болған орынды азаматтық қорғаныс қызметі бақылауға алғанын, жарылыстан адам шығыны болмағанын, сондай-ақ, өртенген кемеде химиялық және радиациялық заттардың жоқ екендігін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Джебель-Али теңіз айлағы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аумағындағы ең ірі сауда және транспорттық орталық. 2019 жылы айлақ 14,1 миллион жүк контейнерін тасымалдаған. Джебель-Али еркін сауда аймағында халықаралық 8 мың компания жұмыс істейді. Былтыр бұл экономикалық нысан Дубай қазынасының 23% жалпы ішкі өнімін өндірген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров