Англия 55 жылда алғаш рет финалға шықты

Бек ТӨЛЕУОВ

Reuters

Футболдан Еуропа чемпионатының екінші финалисі анықталды, деп хабарлайды ЭК.

Жартылай финалдың екінші жұбында Англия құрамасы "Уэмблиде" Данияны қабылдаған. Бұл ойында алғаш болып, Дания футболшылары есеп ашты. Матчтың 30-минутында Миккель Дамсгор айып соққысынан есепті ашқан. Сөйтіп, Англия осы Еуродағы алғаш рет қақпаларына гол жіберді. Бұған дейін 5 ойында Пикфорд қақпасына бірде-бір соққы дарытпаған. Дегенмен ағылшындар таразы басын жылдам теңестірді. Дания капитаны Симон Кьер байқаусызда өз қақпасына автогол соғып алды. Бұл ойынның 39-минуты болатын.

©Reuters/Laurence GRIFFITHS©Reuters/Laurence GRIFFITHS
©Reuters/Laurence GRIFFITHS

Ал, екінші кезеңде таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды. Одан кейін 30 минут экстра-таймда Харри Кейн пенальти тебуге мүмкіндік алды. Нүктеге келген шабуылшының тепкенін алғашында Дания қақпашысы Каспер Шмейхель қайтарған. Алайда, кері серпілген допқа бірінші болып жеткен шабуылшы бұл жолы мүлт кеткен жоқ. Осылайша, Англия финалға жолдама алды. Олар бұған дейін ешқашан Еуропа чемпионатының финалында ойнамаған. Ал, әлем чемпионатының шешуі кезеңінде соңғы рет 1966 жылы өнер көрсеткен. Араға 55 жыл салып, осындай халықаралық доданың финалында бақ сынамақ. Англия Еуропа финалында ойнайтын осымен 13-құрама. Бұған дейін кәрі құрлықтың 12 командасы осындай мүмкіндікке ие болған.

twitter.com / uefatwitter.com / uefa
twitter.com / uefa

Финалда Англия мен Италия кездеседі . Ойын 11 шілдеде өтеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров