COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 445 091 ЖАЗЫЛҒАНДАР 406 282 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4544
©ЭК/Андрей ХАЛИН
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 мың 800 расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлады бейсенбіде covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір күн бұрын елде 2 мың 436 covid-19 оқиғасы расталды.
Пандемия басталғалы бері елде барлығы 445 мың 91 covid-19 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 794,
Алматы қаласында — 340,
Шымкент қаласында — 133,
Ақмола облысында — 129,
Ақтөбе облысында — 67,
Алматы облысында — 86,
Атырау облысында — 149,
Шығыс Қазақстан облысында — 80,
Жамбыл облысында — 41,
Батыс Қазақстан облысында — 176,
Қарағанды облысында — 349,
Қостанай облысында — 54,
Қызылорда облысында — 47,
Маңғыстау облысында — 154,
Павлодар облысында — 126,
Солтүстік Қазақстан облысында — 45,
Түркістан облысында — 30.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 406 мың 282 адам емделді, оның ішінде 1 мың 383 адам соңғы тәулікте.
8 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан 35 мың 554 адам емдеуді жалғастыруда, оның ішінде 34 мың 256 оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 1 мың 289 теріс (КВИ-), стационарларда 10 мың 940 пациент, амбулаториялық емдеуде — 24 мың 614 адам.
"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен 709 пациент ауыр жағдайда, аса ауыр жағдайда — 161, ӨЖЖ аппаратында — 91", — делінген денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінде.