Сатыбалды Нарымбетов өмірден өтті

Экспресс К

Сатыбалды Нарымбетов / © «Қазақфильм» 

Қазақ кино өнерінің қайталанбас хас шебері, танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетов дүниеден озды, деп хабарлайды ЭК.

Дарынды кинорежиссердің қайтыс болғаны жөніндегі қаралы хабарды ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған. Белгілі режиссер, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жорж Садуль атындағы сыйлықтың және тәуелсіз "Тарлан" жүлдесінің иегері.

КазГУ-дің филология факультетінде үш курс оқып, 1965 жылы С.Нарымбетов Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының сценарий факультетіне оқуға қабылданған. 1974 жылы қысқаметражды "Очарование" фильмін түсірген соң, бірнеше жылдан кейін "Балалық шағымның Дон Кихоты" алғашқы толықметражды фильмін жарыққа шығарды. 1984 жылы жоғарғы режиссерлік курсты Георгий Данелияның шеберханасы бойынша тәмәмдаған.

Сонымен қатар, Сатыбалды Нарымбетов көптеген толықметражды көркем және деректі фильмдер түсіріп, оннан астам фильмдерге сценарий жазған, бірнеше әңгімелер жинағының авторы.

Режиссердің "Жас аккордеоншының өмірбаяны" туындысы қазақ киносының алтын қорына еніп, ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болған, көптеген халықаралық фестивальдердің жүлдегері атанған ең айтулы туындыларының бірі.

Сатыбалды Нарымбетовтың алған марапаттары:

  • Анапа қаласында өткен үші Бүкілресейлік "Кино-Шок" кинофистивальінің жүлдегері;
  • 1995 жылы Францияның Анже қаласында өткен Халықаралық кинофистивальінің қазылар алақасының құрметті грамотасының иегері;
  • Фрацуз кино өнері академиясының "Жорж Сэдуль" атындағы құрметті сыйлығының иегері;
  • 1996 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
  • 1996 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Құрмет ордені" берілді.
  • 2000 жылы Тәуелсіз "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері.
  • 2005 жылы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
  • 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі;
  • 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігініе 25 жыл" медалі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров