Экс-министрге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды ЭК.

ҚР қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған қос шенеунік Денсаулық сақтау министрлігінің жарамсыз ақпараттандыру Платформасын қабылдады және пайдалануға берді деген күдікке ілінді.

Бұл Платформада негізінен Денсаулық сақтау саласындағы проблемалар жедел шешілу керек-ті. Сондай-ақ, пациенттер мен дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпарат біріктірілуі қажет болатын. Алайда аты бар да, заты жоқ платформаны ешқандай медициналық мекеменің пайдаланбағаны нақты деректермен расталған.

Сөйтіп құны 4,1 млн АҚШ долларының, яғни 1,5 млрд теңгенің жұмысы еш дәлелсіз орындалмаған.

Сонымен бірге экс-министр 2020 жылы санитариялық авиацияның тікұшағын жеке мақсаты үшін лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров