Түркістан облысында 230 адам ауыл әкіміне үміткер болып тіркелді

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Ауыл әкімдерін сайлау өңірдегі 63 ауылда өтеді, деп хабарлайды ЭК.

Түркістан облысында 181 ауылдық округ бар. Биыл ауыл әкімдерін сайлау соның 63 ауылында өтеді. Қазіргі кезде 264 сайлау учаскесі дайындалған.

Әкімдіктің баспасөз қызметіӘкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Түркістан облысы бойынша сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев бүгінгі күнге дейін 230 ауыл әкімдігіне үміткер азаматтар тіркелгенін жеткізді. Оның 76-сы саяси партиялардан ұсынылған үміткерлер болса, 154-і өз-өзін ұсынған азаматтар.

Саяси партиялар мен жеке азаматтардың өзін-өзі ұсынуы бойынша үміткерлердің тіркелуі 14 шілдеге дейін жалғасатын болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров