ДДСҰ шектеуден бас тартқан елдерге ескерту жасады

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©Reuters/Henry NICHOLLS

Кейбір елдердің билігі коронавирустың таралуына қарсы енгізілген шектеулерден бас тартып жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Соның бірі — Ұлыбритания. Бұл елдің үкіметі COVID-19 өршіп бара жатқанына қарамастан барлық шектеулерді алып тастауды ұйғарды. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы карантин шектеулерін алып тастаған мемлекеттерді ерекше сақ болуға шақырды.

ДДСҰ-ның Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райанның айтуынша, мұндай жағдайларда билік "өте ұқыпты" болуы керек.

"Әр ел шектеулерді алып тастауға құқылы. Бірақ шектеулерді алып тастағанда вирустың таралуы артады ", — деді ол Ұлыбританияның шешіміне түсініктеме бере отырып.

Дүйсенбіде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон: "19 шілдеден бастап елдің барлық кәсіпорындары жұмысын қайта бастауы керек. Адамдар көп шоғырланатын жерлерде қойылған шектеулер алынуы тиіс. Бетперде кию енді міндетті емес", — деп мәлімдеген-ді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров