Роза Мұқанова: "Өзінің талантына өзі күмәнмен қарайтын дарабоз өтті өмірден"

Нұрболат АДЫРБЕК

Сатыбалды Нарымбетов

Қазақ киносының ірі өкілі Сатыбалды Нарымбетовтың дүниеден өтуіне байланысты белгілі жазушы Роза Мұқанова ЭК арқылы қалың оқырманға көңіл айтты.

Өмір... Қарлыға Сейсен тіл шалды...

Сәкен дүниеден көшіп кетіпті. Мынау жарық жалғанға жып-жылы мейіріммен соңғы рет үңіліп бір қараған болар. "Монтажға кадрлар үшін керек!" — дейтін әдеті бар еді. Соңғы кадрде кімді, нені көргісі келді екен? Өзі жазып, киноға өзі түсіретін, өзінің талантына өзі күмәнмен қарайтын ДАРАБОЗ өтті өмірден.

Сағынысып отырып, қақтығысып қалатын ДОС кетті өмірден. Сәкен — Сатыбалды Нарымбетов!!!

Шығармашылық әлеміңе менің "Қызжылағанымды" ("Молитва Лейлы") , Әкім Таразидың "Мұстафа Шоқайын" енгіздің. Сен біздің шығармаларымызға өшпес ғұмыр сыйладың. Жаның-жомарт, талантың ерен еді. Сенің өміріңнің мұңын да, бақытты сәттерін де бірге бөлістік. Сен көпшіл едің. Сол көпті соңыңа тастап озып кеттің. Сенің асығыс кеткеніңді Әкім ағаңа қалай жеткіземін, СӘКЕН!

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров