Жапония Олимпиада қарсаңында карантин шектеулерін қатаңдатады


©Reuters/Fabrizio BENSCH
Жапония Олимпиада ойындары кезінде Токио қаласында төтенше жағдай режимін енгізеді, деп хабарлайды ЭК.
Reuters агенттігінің жазуынша, төтенше жағдай режимін елдің премьер-министрі Есихидэ Суга енгізді. Ол ойын өтетін алаңдарға тек 10 мың адам кіргізілетінін айтты.
Ал дене температурасы 37,5 градустан жоғары көрермендерге жарысты тамашалауға мүлдем тыйым салынады.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Жарыс 2020 жылғы жазда ұйымдастырылуы керек еді, бірақ пандемияға байланысты кейінге шегерілген болатын.