Автокөліктің дабыл қаққышын сканерлеу арқылы ұрлық жасаған

Нұрболат АДЫРБЕК

ПД баспасөз қызметі

Алматы полициясы көлікке орнатылған дабыл қаққышты сканерлеу арқылы ұрлық жасап келген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ЭК

Polisia.kz порталының жазуынша, жергілікті тұрғын 7-шілде күні кешкісін жеке көлігінің ішінен біраз бағалы заттарының ұрланғаны туралы полицияға шағым түсірген. Полицияның жедел іздестіру тобы көп ұзамай 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді.

Ол оқиға орнына жақын жерден автокөліктің иесі заттарын көлікке қалай тастап кеткенін аңдып отырған. Көліктің қожайыны кетісімен шабуылдаушы кілттің электронды чипін сканерлеп үлгерген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құрап отыр.

-"Қазіргі уақытта ұсталған адам ұрлық жасағанын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барлығы да белгілі болып отыр"- деді Алмалы аудандық ПД бастығы Есен Ысқақов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров