Ресей тәжік-ауған шекарасын қорғауға әзір

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

РФ Қорғаныс министрлігі

Тәліптер Тәжікстанмен шектесетін 1430 шақырым жердің 70 пайыздан астамын басып алған, деп хабарлайды ЭК.

"РИА Новости" агенттігінің жазуынша, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы тәжік-ауған шекарасындағы жағдайды зерделеген.

Енді олар Ауғанстаннан келетін қауіп-қатерден одақтастарын қорғауға күш салмақ. Тәжік-ауған шекарасындағы жағдайға алаңдаған Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров өз пікірін білдірді.

Біздің одақтастарымызға төнетін қандай да бір агрессивті қадамдар болса, барынша көмектесуге дайынбыз, оның ішінде тәжік-ауған шекарасын қорғау үшін Ресейдің әскери базасын қолданамыз,

деді Лавров.

"Талибан" қозғалысы — Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров