Ауылын өрттен қорғамақ болған жігіт көз жұмды

Ержан ШАЙЖАН

Бейбарыс Ескендір

Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Қоскөл ауылының 23 жастағы тұрғыны оттың ортасында қалып көз жұмды, деп хабарлайды ЭК.

Бейбарыс Ескендірдің әкесі ұлының күйік шалған денесін көліктің маңынан тауып алғанын айтады. Ал өртті сөндіруге бірге барған марқұмның достары абыр-сабыр кезінде Бейбарысты таппай қалыпты.

Әкесі баласының өлімін тағдырдың жазуы деп отыр. Өйткені ұлы ауыл маңындағы дала өртін өшіруге өз еркімен барған.

Туыстарының айтуынша, 23 жастағы Бейбарыс Ескендір Қарағанды политехникалық университетінде құтқарушы мамандығы бойынша білім алған.

Айта кетсек, Қарағанды облысындағы дала өрті туралы ЭК бұрын хабарлаған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров