Нұр-Сұлтанда бір түнде 2 көлік ұрлаған күдікті ұсталды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pxhere

Интернеттен алған «білімін» іске асырғысы келген 18 жастағы жігіт түн ішінде екі көлік ұрлаған, деп хабарлайды ЭК.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті алдымен Мұстафин көшесіндегі үйдің ауласынан ВАЗ-2114 автокөлігін ұрлаған. Ұрланған көлікпен біраз қыдырып, жалыққан жігіт көлікті жол бойына тастап кеткен. Жолда "Тойота Карина" маркалы көлікке көзі түсіп, оны да айдағысы келеді. Бірақ оны да көп ұзамай саябаққа тастап кетеді.

Полиция 18 жастағы жігітті ұстады. Күдіктінің айтуынша, автокөлікті ұрлау тәсілдерін ол интернет желісі арқылы үйреніпті. Ғаламтордан алған "білімін" іске асырғысы келген.

Бозбалаға қатысты біреудің меншігін заңсыз иелену дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Автокөліктер иелеріне қайтарылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров