Жоғалған келіншек ауыр жағдайда табылды

Нұрболат АДЫРБЕК

Әлия Камиева. Фотоны Бәтес Андосованың анасы жіберген

Үлкен Алматы өзенінің (ҮАӨ) аумағында жоғалып кеткен азаматшаның табылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды ЭК.

Алматы қаласы ТЖД-ға Республикалық жедел құтқару жасағынан 8 шілде күні сағат 10:56-да ҮАӨ аумағында хабарсыз кеткен 1980 жылы туған Әлия Камиеваның табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оның қазіргі жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Зардап шегушіні ауруханаға шұғыл жеткізу қажет.

Қазіргі уақытта департамент ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағын анықталған мекен-жайға аттандырды.

Естеріңізге сала кетейік, іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылардың күштері мен құралдары барынша жұмылдырылған болатын. Бұл шараға Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мен кинологтар, "109" құтқару қызметі мен 75 еріктілер ұйымының мүшелері атсалысуда.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров