Мақпал Исабекова 37 жасында тұрмысқа шықты (видео)

Ержан ШАЙЖАН

instagram.com / makosyai

Танымал әнші сүйіктісімен заңды некеге тұрды, деп хабарлайды ЭК.

Қуанышты хабарды әншінің өнердегі әріптестері Instagram арқылы таратып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Жас жұбайлар қуанышты сәттерін ет жақындарымен атап өтіпті. Алайда әлеуметтік желіге жүктелген фото, видеоларда Мақпалдың жұбайының түрі жасырылған.

Желі қолданушылары шаңырақ көтерген жұпқа түрлі тілектерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, Мақпал Исабекова SuperStar.kz жобасының ең алғашқы шығарылымдары арқылы көпшілікке танылған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров