Алматыда пластикалық хирургке сот үкімі шықты

Лаура БИҒАЛИ

Pixabay и facebook.com / Дмитрий Писарев 

Алматылық пластикалық хирург Дмитрий Писаревке қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды ЭК

Бостандық ауданының Қылмыстық сотының мәліметінше, хирур дәрігер кеудесіне ота жасатқан әйелдің өліміне себепкер болды деп айыпталды.

"Ол ҚР ҚК-нің 317-бабы 3-бөлігі ("Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер") бойынша кінәлі деп танылды", — деді Бостандық аудандық Қылмыстық сотының баспасөз қызметі.

Үкімге сай дәрігер қайтыс болған 30 жастағы Лаура Ізбасарованың отбасына 8 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.

Дәрігерге қатысты іс Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының №2 сотында қаралды. Процесс онлайн өтті.

Айта кетейік, 2019 жылдың тамыз айында кеудені көтеруге арналған пластикалық отадан кейін бортсерік Лаура Ізбасарова қайтыс болған еді. Ота жасаған хирург бірден қамауға алынған болатын.

Писарев бұған дейін де сотталған. 2018 жылдың соңында ол 33 жастағы Украина азаматшасының өліміне кінәлі деп танылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров