Досының қарындасын зорлады делінген күдікті қолхатпен бостандықта жүр

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Pixabay

Полиция департаменті 19 жасар қызды зорлау ісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды ЭК.

"Қазір күдіктінің кім екені анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу кезінде одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Күдікті тергеліп жатыр. Сараптама қорытындысы бойынша шешім қабылданады", — дейді Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға былай өрбіген. 28 маусымда түнгі сағат он бір жарымда Іле ауданы полиция басқармасына 19 жастағы қыз келіп арызданған. Ол танысының автокөлік ішінде зорламақ болғанын айтып, шара қолдануды сұраған.

Бұл іс бойынша, Қылмыстық кодекстің 24-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жасалып жатыр.

Бірқатар сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы соңғы процессуалды шешімді анықтамақ. Тергеу барысын Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы бақылауына алыпты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров