Ақтөбеде жауған нөсерден соң үйлер суға кетіп жатыр (видео)

Кәмшат ҚОПАЕВА

Бейнеден кадр

Толассыз жауын салдарынан қаланың ескі бөлігіндегі үйлерге су кіріп, тұрғындар әуре-сарсаңға түсті, деп хабарлайды ЭК.

Ақтөбеде екі күннен бері дауын тоқтаусыз құйып тұр. Шаһардағы мешіт аумағындағы Жыра көшесіндегі бірнеше үйдің ауласын су шайып кетсе, кейбірінің үйіне дейін су кірген. Тұрғындар мұндай жағдай былтыр жол салғаннан кейін пайда болғанын айтады. Сол маңдағы басты көшені жөндеген мекеме асфальтты биіктетіп жіберген. Жаңбыр жауса болды, үнемі су жиналады да тұрады. Осы көшенің бойындағы үшінші үйде тұратын Байрамбай Сейітовтың үйін су басып қалды, ол тек құжаттарын ғана алып үлгеріпті. Қазір белуардан келген суды сыртқа тасып жатыр, ал, балалары туыстарының үйінде. Су соратын техниканы бірнеше рет шақыртыпты.

Кешеден бері ұйқы жоқ. Әлі сумен алысып жатырмыз. Ағайын-туысты шақырдық. Көмектесіп жатыр. Үйдің төбесі құлайма деген қауіп бар. Қалалық әкімдік екі көлік құм жіберген. Бірақ еш көмегі болмай тұр,

деді Байрамбай Сейітов.

Шаңырақ иесі егер баспанам құлап қалса, қайда барарымды білмеймін, дейді.

Ал, қалған үйдің ауласын су шайып кетті. Жергілікті төтеншеліктердің айтуынша, су басып қалған аумаққа инертті материалдар жеткізіліп жатыр. Қазір қалада 65 су сору көлігі мен 10 сорғы станция жұмылдырылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров