8 миллионға салынған аялдама дәретханаға айналды (видео)

Ержан ШАЙЖАН

Бейнеден кадр

Талдықорған қаласындағы Smart аялдамаларының кейбірі адам көргісіз күйге түскен, деп хабарлайды ЭК.

Қымбат аялдаманың дәрет сындыратын орынға айналғанын жергілікті тұрғынның бірі видеоға түсірген.

Қалада 8 миллион теңгеге салынған дәл осындай 21 аялдама бар.

Кешендерді күтіп ұстауға "Талдықорған көркейту" ЖШС жауапты.

"Талдықорған қаласындағы Жетісу университетінің жанында орналасқан аялдамаға қатысты қала әкімдігі барлық Smart аялдамаларына қызмет көрсететін мердігер ұйымға тапсырма берді. Олар тазалау жұмыстарын жүргізеді", деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, ЭК осыған дейін Smart аялдамасының тағы біреуі қирап жатқанын жеткізген болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров